Әлемде дүниеге келген егіздер саны көбейді

Зерттеушілер дүние келген егіздердің саны бұрынғыға қарағанда көп екенін, қазір әлемде бұл бойынша көрсеткіш ең жоғары деңгейге жетуі мүмкін екенін айтуда, деп хабарлайды ВВС.

Жыл сайын әлемде 1,6 миллионға жуық егіздер дүниеге келеді екен. Бұл әр 42-бала егіз болып туады дегенді білдіреді.

Жыл сайын әлемде 1,6 миллионға жуық егіздер дүниеге келеді екен. Бұл әр 42-бала егіз болып туады дегенді білдіреді.

Бала туудың кешігуіне және ЭКО сияқты медициналық әдістерді қолдануға байланысты 1980 жылдардан бастап егздерді туу жиілігі үштен бірге өсті.

Human Reproduction журналында жарияланған жаһандық шолуға сәйкес, 30 жыл ішінде барлық аймақтар: Азияда 32%-ға, Солтүстік Америкада 71%-ға дейін егіздердің санының өсунің ең жоғары көрсеткішке қол жеткізді.

Зерттеушілер 2010-2015 жылдардағы 165 елдің бауырластық көрсеткіштері туралы ақпарат жинап, оларды 1980-1985 жылдардағы деректермен салыстырды.