Алматыда демалыс күндері қоғамдық көліктер жүрмейді

Алматыда 13,14 наурызда қоғамдық көліктер жүрмейді, яғни автобустар мен метро жұмысы тоқтатылады.

«Қаладағы эпидемиологиялық жағдайдың төмендеуіне байланысты 13,14 наурызда қоғамдық көліктер жүрмейді. Мұндағы мақсатымыз – індеттің алдын алу және таралып кетуін болдырмау. Ал дүйсенбі, 15 наурызда сағат 6:00- ден бастап қоғамдық көліктер өз жұмысына кіріседі»,- деді қалалық жұмылдыру басқармасы.