Мектептер қандай жағдайда карантинге жабылады?

Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз орталығында өткен онлайн брифингте айтылды.

«Коронавируспен сырқаттану көрсеткішінің 1 және 2 жағдайы анықталған жағдайда сынып жабылады. Үш және одан да көп жағдай тіркелсе – мектеп толығымен жабылады, яғни оқушылар толық қашықтан оқуға көшеді. », – дейді Нұр-Сұлтан қаласы білім басқармасы басшысының орынбасары Римма Имангазинова.

Айта кетейік, мектеп формасына қатысты шешімді ата-аналардың өздері қабылдайды. Мектеп оқушыларына еркін және ұқыпты киім киюге рұқсат етіледі.