
Қолайсыз ауа райына байланысты республикалық жолдарда көлік жүрісі шектелді.
Ақмола облысы:
1. «Жезқазған-Петропавл» жолының 377-440 шақырымы, Қостанай облысы шекарасы – Державинск қаласы аралығында.
2. «Көкшетау-Атбасар» жолының 48-184 шақырымы, Зеренді кенті – Атбасар қаласы аралығында.
Қарағанды облысы:
1. «Жезказған-Петропавл» жолының 142-252 шақырымы, Сарлы ауылы –Қостанай облысының шекарасы аралығында.
Қостанай облысы:
1. «Жезқазған-Петропавл» жолының 252-377 шақырымы, Қарағанды облысы шекарасынан Ақмола облысы шекарасына дейінгі аралықта.
2. «Денисовка-Жітіқара-Мықтыкөл- РФ шекарасы» жолының 82-161 шақырымы, Жітіқара- РФ шекарасы аралығында.
Павлодар облысы:
1. «Ленин кенті-Ертіс-Русская поляна ауылы» жолының 0-274 шақырымы, Ленин кенті мен РФ шекарасына дейінгі аралықта.
2. «Омбы-Майқапшағай» жолының 191-390 шақырымы, РФ шекарасы мен Мичурино ауылы аралығында.
Солтүстік Қазақстан облысы:
Облыс аумағындағы барлық бағыттағы жолдар барлық көлік түрі үшін жабық.