
Ол 2 жыл 3 ай бойы әкесінің зейнетақысын заңсыз алып, мемлекетке 1 миллион 200 мың теңгеден астам шығын келтірген. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алынды.
Ақпарат алысымен полицейлер күдікті тұрғынның жеке басын анықтады. Оны тұрғылықты мекенжайынан ұстап, АПБ-не жеткізді. Ер адам өз кінәсін толық мойындады. Бүгінде тұрғын мемлекет тарапынан 2 жыл бұрын дүниеден өткен әкесінің атынан алып отырған ақшаны қайтарған.