Шығыс Қазақстанда қар құрсауында қалған 10 балықшы құтқарылды

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының құтқарушылары қар құрсауында қалған 10 балықшыны эвакуациялады.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, дауылды ескерту жарияланғанына қарамастан Ұлан ауданындағы балықшылар 3 көлікке мініп, Каменская су қоймасына бет алған.

«Оқиға орнына құтқарушылар арнайы техникамен келіп жетті. 10 адам эвакуацияланып, үш көлік жолдың қауіпсіз бөлігіне жеткізілген. Азаматтарға медициналық көмек қажет болған жоқ», – деп хабарлады ведомство өкілдері.