«Вильярреалдың» экс-футболшысы өлі табылды

"Вильярреал" командасының экс-футболшысы Франко Акоста өлі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Еске салайық, футболшы 6 наурызда Канелонес департаментінде өзеннен өту кезінде жоғалып кеткен. Акостаның ағасы судан шыға алғаны, ал футболшы хабар-ошарсыз кеткені айтылады. Оны іздеуге сүңгуірлер мен құтқарушылар кіріскен. Спортшы өзеннен қандай жолмен өткісі келгені және не үшін өткісі келгені нақтыланбады.

Акоста – уругвайлық «Феникстің» түлегі, 2013 жылы дебют жасаған. 2015 жылы ол «Вильярреалдың» екінші командасына ауысты, негізгі команданың құрамында ойнамаған. Былтырдан бастап Акоста Уругвайдың екінші дивизионынан «Атенас» клубының атынан ойнап келген.