Мұнайдың бареллі 29 долларға дейін түсіп кетті

Brent маркалы мұнайдың бір баррелінің құны 30 доллардан да төмендеп кетті, ал рубльге шаққандағы бір АҚШ доллары 75-тен жоғары болды, деп хабарлайды zakon.kz.

Ертең осыған байланысты (еркін дәліз жағдайында) USD/KZT бағамы 440-ты иектеп қалады деп ойлаймын, – деп жазды @tengenomika телеграм-арнасы .

Сонымен бірге, сарапшылар мұнай нарығындағы ахуал одан әрі нашарласа, ОПЕК + қатысушылары келіссөз үстеліне отыруға мәжбүр болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды.

Баға үшін соғысып, үстел басына отырған қақтығысушы тараптардың ешбірі мұндай сценарий болады деп күтпегені анық, делінген хабарламада.