2020 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның әуе компаниялары 5,5 млн. адам тасымалдады. Бұл 2019 жылға қарағанда 36% төмен.
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Камалиев министрліктің алқа отырысында атап өткеніндей, бұған пандемия кезінде рейстерге қойылған шектеулер әсер етті.
Қалыптасқан жағдайға байланысты азаматтық авиация экономиканың ең көп зардап шеккен салаларының бірі болды. Соны жеңілдету үшін отандық әуе компаниялары мен әуежайлар үшін салықтық жеңілдіктер бойынша мемлекеттік қолдау шаралары қабылданды.
Бүгінгі таңда 45 бағыт бойынша ішкі әуе рейстері қайта ашылды және 12 елмен (Түркия, Корея, БАӘ, Беларусь, Украина, Германия, Өзбекстан, Қырғызстан, Египет, Ресей, Мальдив, Шри-Ланка) әуе қатынасы қалпына келтірілді.