Батыс Қазақстан облысында боранға байланысты республикалық жол жабылды

«ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ БҚО филиалының мәліметі бойынша жергілікті сағат 13.00-ден бастап ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар Орал-Тасқала-РФ шекарасы (31-104 км, Переметный ауылынан Ресей шекарасына дейін) жолында барлық көлік түрлері үшін қозғалыс шектелді. Жабылу себебі – қатты боран. Осыған байланысты БҚО ТЖ департаменті ескерту жариялап, төтенше оқиғалардың алдын алу бағытында тиісті шаралар атқарылып жатқандығын жеткізді.