
Бүгін Ақорда резиденциясында Қырғызстанның жаңа Президенті Садыр Жапаровты салтанатты қарсы алу рәсімі өтті.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қырғызстан президенті Садыр Жапаров арасында шағын құрамда келіссіөздер жүгізілді. Келіссөздар барысында екі ел арасындағы қарым-қатынастардың терең екенін айтқан Қырғызстан президенті қазақтың белгілі ақыны Жұбан Молдағалиевтің сөздерін еске алды.
– Мен қазақпын, қырғыз ол – туысқаным,
Бірге тартқан тарланның құйысқанмын.
Анамыз да қара көз бір қыз, бәлки,
Бөліп берген егізге уыс нанын, – деп қазақ ақынының поэмасынан үзінді келтірді, Қырғыз Президенті.