Елімізде бір апта ішінде 3268 қылмыс тіркелді

https://kaznovosti.kz/wp-content/uploads/2021/03/qylmys.mp3?_=1

Елімізде бір апта ішінде 3268 қылмыс тіркелді. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің онлайн брифингінде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бір апта ішінде 3268 қылмыс жасалды, оның 2070-і тәулік ішінде ашылды. Полиция қызметкерлері «ізін суытпай» 10 кісі өлтіруді, 2 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, 11 қарақшылық, 32 тонау және 458 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашты», – дейді ҚР ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз.

Еске сала кетсек, ақпан айының соңғы аптасында бір апта ішінде 3366 қылмыс тіркелген. Оның 2184-і тәулік ішінде ашылған.