
Алғыс айту күні – бейбітшілік пен достыққа, тыныштық пен ынтымаққа үндейтін мереке. Бұл мейрам еліміздегі түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы адамгершілік қарым-қатынастың өнегелі өлшеміне айналды.
2016 жылдың 14 қаңтарында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Жарлыққа қол қойып, оған сәйкес, 1 наурыз – елімізде Алғыс айту күні деп жарияланды.
Айта кетейік, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады.