
«Партия Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қаулысымен Nur Otan партиялық бақылау комитетінің төрағасы болып Артур Платонов тағайындалды. Артур Станиславович қоғамдық және партиялық жұмысының үлкен тәжірибесі комитет қызметін күшейтуге ықпал ететініне сенімдімін», – деп жазды Бауыржан Байбек Twitter-парақшасында.
Артур Платонов 2016 жылғы наурызынан бастап Мәжіліс депутаты болып қызмет атқарған. Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі.
Сондай-ақ, тележүргізуші «Портрет недели» бағдарламасының авторы ретінде танымал.