
«2020 жылдың қорытындысы бойынша Нұр-Сұлтан қаласында 627 өрт болды. Соның салдарынан 22 адам қаза тапты. Өрттің шығыны 35 миллион теңге болды. Өрттің 50%-ы жеке тұрғын үйлерде болған. Басты себебі – пеш жағу кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтамаудан және электр сымының дұрыс болмауынан»- дейді Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Қуанар Базарбаев.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта профилактикалық жұмыс жүргізіліп жатыр.
«Кейінгі жылдармен салыстырып қарайтын болсақ, өрт шығу жағдайлары 4%-ға азайған. Жеке тұрғын үйлерде де профилактикалық жұмыстар жүргізіліп, жадынама мен нұсқаулық таратылуда», – дейді ол.