ДСМ коронавирустан емделіп жатқан науқастардың жағдайын айтты

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясына шалдыққан науқастардың жағдайы туралы айтты.

24 ақпандағы мәлімет бойынша, елімізде 20 387 адам коронавирус инфекциясынан (13 165 КВИ+ және 7 222 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 4 574 пациент стационарда, 15 813 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

– 236 адамның жағдайы ауыр;

– 55 пациенттің жағдайы өте ауыр;

– 47 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.