Қазақстанда бір аптада 3,3 мың қылмыс жасалған

Елімізде бір апта ішінде 3366 қылмыс тіркелді. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі өткізген онлайн брифингте айтылды.

«Елімізде бір апта ішінде 3366 қылмыс жасалды, оның 2184-і тәулік ішінде ашылды. Полиция қызметкерлері «ізін суытпай» кісі өлтірудің – 13, өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің – 6, қарақшылықтың – 1, тонауға қатысты – 45 және бөтен мүлікті ұрлаудың 511 қылмысын ашты», – дейді ҚР ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз.