Қарағанды облысы әкімінің есеп кездесуі өтіп жатыр

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек жыл сайынғы халық алдында есеп беруін бастады. Биыл кездесудің форматы өзгерді. Карантинге байланысты ол онлайн режимде өтеді.

«Бүгін менің есебім бір ай ішінде өткен барлық деңгейдегі әкімдердің қорытынды кездесулерін аяқтайды. Барлығы 423 кездесу өтті, оған 44 мыңға жуық адам қатысты. Бір жыл бұрын есеп беру кездесуінде сіздер ТКШ, жолдар мен көшелерді жөндеу, қоғамдық көлік сапасы, әлеуметтік нысандарды салу және жөндеу, тұрғын үймен, сумен, жылумен қамтамасыз ету және т.б. мәселелерді көтердіңіздер. Бірде-бір өтініш назардан тыс қалған жоқ. Алайда пандемия біздің жоспарларымызға айтарлықтай түзетулер енгізіп, ресурстарды бөлудегі басымдықтарды қайта қарауға мәжбүр етті», – деді Жеңіс Қасымбек.

Тұрғындардың денсаулығын сақтау, тұрақты табысты қамтамасыз ету, бизнесті қолдау, сапалы және қолжетімді білім беру мәселелері бірінші кезектегі міндеттер болды.

2020 жылы мемлекеттік бағдарламалардың арқасында облыста 35 мың жаңа жұмыс орны ашылды, деп хабарлады өңір басшысы. Бұл жұмыссыздық деңгейін 4,6% көрсеткіште ұстап тұруға мүмкіндік берді.

Жеңіс Қасымбек өз сөзінде 2020 жылдың қорытындысын шығарып, биылғы жылы атқарылатын жұмыс туралы айтып береді. Содан кейін тұрғындардың сұрақтарына жауап береді.

Сонымен қатар, есеп беру кездесуін трансляциялау үшін облыс орталығының түрлі нүктелерінде LED-экрандар орнатылды:

– Сұрыптау: Теміржолшылар МҮ, М.Мәметова к-сі, 111;

– Пришахтинск: «Молодежный» МҮ, 22-ші ш / а, 27/1;

– Майқұдық: Жаңа Майқұдық МҮ, Магнитогорская к-сі, 19;

– Оңтүстік-Шығыс: Достық үйі, Шахтерлер даңғылы, 64;

-Жаңа қала: кеншілер МҮ, Бұқар жырау даңғылы, 32.

Есеп беру кездесуін облыстың барлық телеарналары тікелей эфирде көрсетеді. Сондай-ақ, интернеттен де көруге болады: облыс әкімдігінің ресми аккаунтында – Akimat09 , Saryarqa TV YouTube арнасында, еkaraganda.kz сайтында.