Атырау облысында бағаны тұрақтандыруға 777 млн теңге қарастырылған

Атырау облысында бағаны тұрақтандыруға 777 млн теңге қарастырылған. Бұл туралы Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов есеп беру жиынында айтты. Бұл туралы Атырау облыстық коммуникациялар қызметі хабарлады.

«Халық үшін өзекті мәселенің бірі – әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру. Бұл мәселе үнемі бақылауымызда. Былтыр жергілікті бюджеттен осы мақсатта қосымша 777 млн. теңге қаржы бөлінді. 15 түрлі өнім қазіргі кезде белгіленген 36 сауда-саттық орындарында сатылуда. Тұрғындар оларды нарықтан 10-15 пайыз төмен бағамен алып жатыр»,- деді аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов.

Сондай-ақ, ол нан бағасының өсімін тежеу мақсатында 155 млн. теңгеге 1000 тонна ұн сатып алынып, наубайханаларға таратылғанын және тұрақтандыру қоры, келісімшарттарды жаңарту арқылы 606 тонна картоп және көкөніс өнімдерімен толықтырылғанын атап өтті.

Айта кету керек, Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов онлайн форматта есеп берді.