Қызылордада үй өртеніп, 1 жасар бала қайтыс болды

https://kaznovosti.kz/wp-content/uploads/2021/02/novaja-zapis-3.m4a?_=1

Бүгін, 18 ақпанда сағат 00.50 шамасында облыс орталығындағы Кызылжарма шағын ауданы аумағындағы тұрғын үйде өрт шыққан.

«Өрт орнына облыстық төтенше жағдайлар департаментінен 4 техникамен 16 қызметкер барды. Жалынға оранған үй ішінен әйел мен төрт қызы шығып үлгерген. Жалын 01.23-те толығымен сөндірілді. Үйден 2019 жылы дүниеге келген шарананың мәйіті табылды. Өрттің шығу себебі тексеріліп жатыр», деп мәлімдеді Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінен.