Биатлоннан ерлер арасындағы жекелеген сайыста үш қазақстандық бақ сынайды

Бүгін биатлоннан әлем чемпионатында ерлер арасында жекелеген сайыстар бойынша бәсеке өтеді, деп хабарлайды Olympic.kz.

Поклюкада өтіп жатқан дүниежүзілік біріншіліктің кезекті жарыс күнінде ерлер 20 км қашықтықты бағындырады. Қазақстан сапынан аталған санат бойынша үш биатлоншы жарыс жолына шығады.

IBU ресми сайтында Александр Мухин 14-ші, Сергей Сирик 53-ші және Данил Белецкий 82-ші нөмермен жарысқа қосылады деп көрсетілген.

Ерлер арасындағы жекелеген сын Нұр-Сұлтан уақытымен 19:30-да басталады.