
15 ақпандағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Павлодар облысы «қызыл» аймақта тұр. Бұған дейін «қызыл» аймақта болған Ақмола облысы «сары» аймаққа ауысқан.
«Сары» аймақта Нұр-Сұлтан қаласымен қатар Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Ақмола облыстары бар.
Қалған өңірлердің бәрі «жасыл» аймақта.
Жалпы Қазақстан коронавирустың таралу қаупі жағынан «жасыл» аймақта тұр.