
Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли фейсбук парақшасында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жас кезіндегі бір суретін жариялады.
«1979 жыл. Подмосковьедегі сенбілік. Бұл кезде Қасым-Жомарт Кемелұлы КСРО Сыртқы істер министрлігінде атташе қызметін атқарып жүрген болатын», – деп жазды Б.Уәли парақшасында.
Пікір жазған оқырмандар Президентке тек қана сәттілік, зор денсаулық тілеген. Олардың арасында Қасым-Жомарт Кемелұлымен мақтанамыз, біз президентпен біргеміз деген азаматтардың қатары көп.