
Қарсыластар бұған дейін үш мәрте кездесіп, бәрінде де Юлия жеңіске жеткен болатын. Бірінші партияда есеп 3:3 болған мезетте қазақстандық теннисші брейк жасай алды. Содан кейін сетке доп бергенде, қателескен жоқ – 6:4. Есесіне екінші сетте бельгиялық спортшы брейкпен алға шықты – 2:0. Тағы бір брейк – 4:0. Ақыры ол сол басымдылығын сақтап қалды – 6:1. Үшінші, шешуші партияда қазақстандық теннисші брейкпен алға кетті – 3:1. Ақыры ол матчты тағы бір брейкпен түйіндеді – 6:2. Тартысты бәсеке 1 сағат 55 минутқа созылды.
Путинцева үшінші айналымда әлемнің 5-ракеткасы, украиналық Элина Свитолина немесе рейтингте 48-сатыдағы АҚШ-тың жас жұлдызы, 16 жастағы Кори Гауффтың біреуімен кортқа шығады.