
45 күннің ішінде сатушымен бірге Халыққа қызмет көрсету орталығына немесе нотариусқа барып сатып алу – сату келісім шартын рәсімдеп, қаражаттың мақсатты қолданылатынын растау үшін келесі құжаттарды enpf-otbasy.kz онлайн платформасына PDF форматында жүктеу қажет:
1. Уәкілетті орган тіркеген тұрғын үйді сатып алу-сату шарты.
2. Мемлекеттік тіркеу туралы анықтама. (сатып алу-сату шартын тіркеген мекемеден алынады ХҚКО немесе нотариус)
3. Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар туралы және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама (egov.kz – арқылы алуға болады)
1 және 2 құжаттарды бір PDF файлға жүктеу керек.
Егер сіздің сканер PDF форматындағы құжат жасай алмаса, онда www.ilovepdf.com сайты арқылы кез келген JPEG, PNG немесе басқа форматтағы құжатты PDF – ке тегін ауыстыра аласыз.
Құжаттарды жүктеген соң қаражатты сатушыға аудару туралы өтінішке ЭЦҚ көмегімен қол қойыңыз.
10 жұмыс күні ішінде қаражат сатып алу – сату келісім шартында көрсетілген деректемелер бойынша сатушының шотына түсетін болады.