Өткен тәулікте коронавирус пневмониясынан 4 адам қайтыс болды
Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияны жұқтырудың 52 жағдайы тіркеліп, 4 адам қайтыс болды. Бұл туралы coronavirus2020.kz сайты хабарлады.
Сондай-ақ 239 адам вирустан жазылып кетті.
2020 жылдың тамызынан бері коронавирус пневмониясын елде 48388 адам жұқтырған, 591 адам қайтыс болып, 37998 адам аталмыш дерттен жазылып кеткен.