«Жасанды интеллект және көлік ағындарын автоматты басқару технологияларын енгізе отырып, өткізу пункттерін модернизациялау көзделіп отыр. Қытайдың Эксимбанкінің қарызы аясында Ахуалдық орталық құрылысын салу және 9 авто және 1 темір жол өткізу пунктін жаңғырту жоспарлануда. «Нұр жолы» өткізу пунктінің үлгісі бойынша, басқа да учаскелерде «Электрондық кезек» жүйесі енгізіледі. Бұл мобильді қосымша арқылы кезекке алдын ала тапсырыс беруге мүмкіндік береді», – деді Ерұлан Жамаубаев.
Оның айтынша, 2021-2022 жылдары ақпараттық жүйелер оңтайландырылып, жаңғыртудан өтеді.
«Жалпы, ақпараттық жүйелер саны 21-ден 6-ға дейін қысқарады», – деді Қаржы министрі.