
Венгрияның Дебрецен қаласында әйелдер боксынан халықаралық турнир басталды. Жарыстың бірінші күнінде 69 келіде шаршы алаңға шыққан отандасымыз Дариға Шәкімова жарысты сәтті бастады. Алғашқы қарсыласы венгриялық Будай Вивенді айқын басымдықпен ұтып, келесі айналымға өтті.
Халықаралық турнир 13 ақпанға дейін жалғасады.