Ақтөбеде екі көліктің соқтығысуынан жаяу жүргінші көз жұмды

Ақтөбе қаласында екі көлік соқтығысып, салдарынан жаяу жүргінші көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жол-көлік апаты Марат Оспанов көшесінде болды.

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Nissan Primera» маркалы көлігінің жүргізушісі мас күйінде рульге отырып, дер кезінде тоқтай алмаған. Салдарынан 40 жастағы жүргізушінің басқаруындағы «Лада 121440» автокөлігімен соқтығысты. Одан әрі «Nissan Primera» жаяу жүргіншіні қаққан.

«Салдарынан 50 жастағы әйел дене жарақатын алып, жансақтау бөліміне жатқызылды. Кейін ол алған жарақатынан көз жұмды», – деді облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Қылмыстық кодекстің «Көлік құралын басқару құқығынан айырылған және абайсызда адам өліміне әкеп соққан алкогольдік масаң күйдегі адамның КҚ-ны басқаруы» бабымен тергеу басталды.