
4 ақпандағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Қазақстанның төрт облысы «қызыл» аймақта тұр. Кеше, яғни 3 ақпанда Батыс Қазақстан «қызыл» аймақтан «сары» аймаққа өткен еді, алайда бүгін ол өңір қайтадан «қызыл» аймаққа енгізілген. Сонымен қатар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстары да қызыл аймақта тұр.
Одан бөлек «сары» аймақта Нұр-Сұлтан қаласы, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Атырау облыстары бар.
Қалған өңірлер мен қалалар – «жасыл» аймақта. Жалпы Қазақстан әлі де «сары» аймақта тұр.