
Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, елордада автокөлікті 20-40 көшесіндегі Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында дүйсенбі мен сенбі 9.00-16.30 аралығында тіркеуге болады.
Сондай-ақ 2021 жылдың 3 ақпанынан бастап елордада көліктерді қауіпсіздік хаттамасынан өткізетін (рулі оң жақтан сол жаққа ауыстырылған, қайта жабдықталған автокөліктер) «Ұлттық сараптама және сертификациялау орталығы» жұмысын бастады. Сынақ орталығымен автокөлік иелері Алаш тасжолы, 1 «А» мекенжайы бойынша немесе 8 (7172) 25-14-47 нөмірі арқылы байланыса алады. Жұмыс уақыты: дүйсенбі-жұма аралығында 9.00-ден 19.00-ге дейін, сенбі және жексенбі күндері 10.00-17.00 аралығы.
Автокөлік ҚР СТ 1418-2018 және Кеден одағының «Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» 08/2011 техникалық регламентіне сәйкес келуі тиіс.