Енді елордада қоғамдық көліктер демалыс күндері де жүреді

Елорданың қоғамдық көліктері штаттық режимдегі жұмыс кестесіне оралады. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Қаланың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2 ақпанда күшіне енген жаңа қаулысына сәйкес елордада автобустар жексенбі күні де жүреді.

«Қалалық қоғамдық көліктің жұмысы (шұғыл уақытта автобустар санын көбейту, соңғы аялдамада салонды дезинфекциялау құралдарымен өңдеу, барлық есіктерді ашу, жолаушылар үшін антисептигі бар санитайзерлер орнату, әлеуметтік қашықтықты міндетті түрде сақтау және жолаушылар мен жүргізушілердің бетперде киюі) штаттық режимде жұмыс кестесі белгілене отырып қамтамасыз етілуі тиіс», – делінген қаулыда.