Қазақстандық биатлоншылар әлемдік сынға қатысу үшін Словенияға келді

10-21 ақпан аралығында Словенияда биатлоннан әлем чемпионаты өтеді. Қазақстандық биатлоншылар әлемдік сынға қатысу үшін Поклюка қаласына келді деп хабарлайды Olympic.kz.

Бұған дейін биатлоншылар Польшада өткен Еуропаның ашық чемпионатында бақ сынаған болатын.

«Команданың негізгі бөлігі Еуропадағы төрт мемлекеттің шекарасынан өтіп, Поклюка қаласына жетті. Мұнда спортшылардың жаттығу жиынын өткізуіне мүмкіндіктер қарастырылған.  Алайда, әлем біріншілігіне толыққанды дайындық жүріп жатқандықтан, көптеген шектеулер де кездеседі. Қазақстан командасының екінші құрамы Польшадағы халықаралық турнирге дайындалуда», – дейді бас бапкер Мақсат Шаранов.