Коронавирусқа шалдыққан 57 науқастың жағдайы өте ауыр – министрлік

Қазақстанда 28 мыңға жуық науқас коронавирустан ем қабылдауда. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінен мәлім етті.

3 ақпандағы мәлімет бойынша, елімізде 27 900 адам короновирус инфекциясынан (16 695 КВИ+ және 11 205 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 5 788 пациент стационарда, 22 112 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

– 310 адамның жағдайы ауыр;

– 57 пациенттің жағдайы өте ауыр;

– 52 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.