ШҚО-да шектеу шаралары 14 ақпанға дейін ұзартылды

Алматы облысы жағынан Шығыс Қазақстан облысының сыртқы шекараларына кіру мен шығуды бақылау үшін қосымша 3 санитарлық бекет орнатылды, деп хабарлайды ВАК баспасөз қызметі.

Қоғамдық көліктердің жұмысы отыратын орындар саны 75%-дан аспаған кезде, сондай-ақ қарбалас уақытында таңертең (8.00-ден 10.00-ге дейін), кешке (18.00-ден 20.00-ге дейін) автобустар саны артқан кезде рұқсат етіледі.

Топтық құдайға құлшылық етуге (оның ішінде жұма-намаз) тыйым салынады. Діни бірлестік объектілерінде орналасқан қоғамдық тамақтандыру объектілерінің жұмысына тыйым салынады.

Мәдениет объектілеріне 30 адамнан аспайтын жеке және топтық дайындықтар өткізуге рұқсат етілген.

Театрлар мен кинотеатрларға бір отбасы мүшелерін қоспағанда, шахматтық реттілікпен залда отыратын орындар санын 20%-дан асырмай, бір уақытта қонақтар санын 100 адамнан асырмаса ғана жұмыс істеуге рұқсат беріледі.

Карантин режимінде жұмыс істеуге қойылатын санитариялық ережелердің белгіленген талаптарына жауап бермейтін мектептер қашықтан оқу режиміне ауыстырылатын болады. Офлайн режимде оқитын оқушылар мен білім беру объектілері персоналдарына жоспардан тыс тексерулер жүргізіледі.

Сонымен қатар, қызметкерлердің кемінде 60%-ы қашықтан жұмыс істейді (штат кестесінде 40-тан астам қызметкер болса).