Қазақстан мен Грузия арасындағы автомобиль қатынасы туралы келісімге өзгерістер енгізіледі

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысы «2007 жылғы 6 наурыздағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Грузия Үкіметі арасындағы Халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.