Маманның айтуы бойынша, құрамында ұқсас компоненттері бар вакцинаның қандай да бір компонентіне аса жоғары сезімталдық, өмірінде ауыр аллергиялық реакциялармен кездескен жағдайда, жүктілік жəне бала емізу кезінде салдыруға болмайды.
Сонымен қатар, «18 жасқа дейін жəне 60 жастан жоғары (тиімділік жəне қауіпсіздік туралы деректердің болмауына байланысты) адамдарға салынбайды. II компонентті салу кезінде вакцинаның I компонентін салған кезде вакцинадан кейінгі ауыр асқынулар (анафилактикалық шок, ауыр генерализацияланған аллергиялық реакциялар, құрысу синдромы, 40°С температура жəне т.б.) болғанда салдыруға болмайды», деді Манар Асырқызы .