Асқар Мамин парламент сайлауында дауыс берді

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Қазақстан Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарын сайлауда дауыс берді, деп хабарлайды Kaznovosti.kz Премьер-Министрдің ресми сайтына сілтеме жасап.

Дауыс беру Нұр-Сұлтан қаласындағы «Астана» концерт залының ғимаратында орналасқан №138 сайлау учаскесінде өтті.

ҚР Премьер-Министрі сайлау учаскесіне алғашқылардың бірі болып өзінің азаматтық борышын орындауға келді.

Сайлау учаскелері сағат 07:00-де ашылды, дауыс беру жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-ге дейін жалғасады.