Ақмола облысында құтқарушылар жылыту пунктіне 40-тан астам адамды эвакуациялады

Бүгін таңғы сағат төртте Астрахан ауданының құтқарушыларына қозғалыстың шектелуіне байланысты «Екатеринбург-Алматы» республикалық маңызы бар автожол учаскесінде автобус жолаушыларын эвакуациялау үшін көмек қажет екендігі туралы хабарлама келіп түсті. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Kaznovosti.kz

Шақыру орнына дереу 19-ӨСБ кезекші қарауылы жіберілді. Оқиға орнына келген бойда ақпарат расталып, Новочеркасск ауылының блок бекетінен құтқарушылардың, полиция бөлімінің және жергілікті атқарушы органдарының күшімен жолаушылар автобусынан Новочеркасск ауылының жылыту пунктіне 43 адам эвакуацияланды және орналастырылды, оның ішінде 8 бала. Олар медициналық көмекке мұқтаж емес.

Еске сала кетейік, Ақмола облысында бір аптадан астам уақыт бойы термометр бағаналары – 37 градусқа дейін жетеді, осыған байланысты 7 қаңтарда қоғамдық көлік пен дизель отынындағы көлік қозғалысына шектеу енгізілді.

Ақмола облысының ТЖД еске салады, елді мекендерден тыс алыс жолға аттанарда: «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы жолдардың жағдайы мен алдағы ауа райы туралы біліп алыңыздар. Ерекше қажеттіліксіз елді мекендерден тыс жерлерге шықпаңыз, аязда қозғалысты шектеу бойынша құтқарушылардың ұсынымдарын қадағалаңыз. Егер құтқарушылардың көмегі қажет болса, дереу «112» телефонына хабарлаңыздар.