Шымкент: Жол сапасы үнемі бақылауда

Шымкент қаласының аумағындағы жол мәселесі алдағы бірнеше жылда кезең-кезеңімен шешімін табады. Бұл туралы Kaznovosti.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
 
Әкімнің тапсырмасына сәйкес, жолдардың құрылысымен қатар жол сапасы да үнемі бақылауда. 
 
2019 жылдан бастап жолдардағы құрылыс-жөндеу жұмыстары барысында жұмыстар мен материалдардың сапасын бақылау 5 кезеңде  жүргізілуде.
 
Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мамандарының мәліметінше, биыл 406 сараптама жүргізіліп, оның 22 сараптамасы «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесімен бірлесіп атқарылған. 
 
Тексеру барысында 984 кемшілік анықталып, оның 930-ы жойылды. Қалған 54 кемшілік бойынша жұмыстар атқарылуда.