
Осы жыл Төтенше жағдайлар министрлігінің қайта құрылуымен ерекшеленді. Министрлікке бірқатар қосымша өкілеттіктер мен міндеттер жүктелді. Төтенше жағдайлардың салдарын төмендету мәселелері мемлекеттік саясаттың негізіне айналады. Бұл туралы Kaznovosti.kz БҚО ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2020 жылғы 23 желтоқсанда Батыс Қазақстан облысына Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министрі М.Қ. Пшембаев жұмыс сапарымен келді.
Сапар барысында мұнай базасы аумағындағы «Резерв» РМК «Сигнал» филиалының (Орал қ.), «Агрореммаш» АҚ зауыты, «Кублей» ЖШС, сондай-ақ Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру қызметі № 1 МӨСБ бөлімшелерінің қызметімен танысты.
Сонымен қатар, вице-министр М.Қ. Пшембаев облыс әкімі Ғ.Н. Есқалиев және Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің ведомстволық бағынысты бөлімшелерінің басшыларымен кездесу өткізді.
Мәжіліс шеңберінде күн тәртібіндегі мәселелер мен алдағы міндеттер талқыланды.
Департаменттің басым бағыттары мен міндеттері Қазақстан Республикасы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің барлық үш деңгейіндегі құжаттармен, сондай-ақ өзге де бағдарламалармен, аумақтар мен өңірлерді дамыту жоспарларымен интеграциялануға тиіс.