Шетелден келген жолаушылардан коронавирус анықталған жоқ

2020 жылғы 22 желтоқсанында Қазақстан Республикасының аумағына Германия, Корея, Мальдив Республикасы, Мысыр, Түркия, БАӘ, Өзбекстан және Қырғызстаннан 10 халықаралық әуе рейсі келді, деп хабарлайды Kaznovosti.kz Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне сілтеме жасап.

1 759 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 610 адам, анықтамасыз 149 ҚР азаматтары келді.

Оның ішінде:

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.
2020 жылдың 21 желтоқсанында анықтамасыз келген барлық 78 ҚР азаматтарының ПТР-талдаулары теріс нәтиже көрсетті.