Санитарлық-эпидемиялық шаралардың сақталуын бақылау аясында Алматыда 32 мониторингтік топ күйшейтілген жұмысты жалғастыруда, деп хабарлайды Kaznovosti.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.
Ағымдағы жылғы 8 қазан мен 19 желтоқсан аралығында 590 іс-шара өткізілді, оның барысында 4947 нысан қамтылды, 1065 (21,5%) нысанда карантиндік шаралардың бұзылуы анықталды. Материалдар жұмыс алгоритміне сәйкес берілді.
Заңды және жеке тұлғаларды тексеру нәтижелері бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабының 1-бөлігімен шектеу іс-шараларын сақтамағаны үшін жалпы сомасы 74,7 млн тг 890 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалды.
Қазіргі уақытта ойын-сауық нысандары арасында карантин шараларын бұзушылардың анықталуына байланысты жеке тұлғалар қатысты қабылданған шаралар артуда. Мысалы, Алмалы ауданының «Cyber ZONE» компьютерлік клубында бетперде режимін бұзған 20 жеке тұлға анықталды.
Жұмыс нәтижелері бойынша әкімшілік сотқа 462-бабының 1-бөлігі «тексеру жүргізуге кедергі келтіру бойынша» және 462-бабының 3-бөлігі орын алған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы орындамау бойынша 15 заңды тұлғаға қатысты істер берілді:
• Медеу ауданы бойынша — 6 («Манана»-2 мейрамханасы, «Отрар бар» ЖШС (Танцы) -4, «Централ» дәмханасы — 1, «Hookah Dreems» лаундж бары — 1, «Глобал Фуд Энд» ЖШС Небо бары — 1), «Оранжери Group» ЖШС рестобар -1);
• Түрксіб ауданы бойынша — 3 («Раяна» мейрамханасы Илахунов ЖК, «Атлантис» бильярд клубы Бижанов Р.М. ЖК, «Прованс» дәмханасы);
• Алмалы ауданы бойынша — 3 («Арагоста», «Дегирмен» дәмханалары, «Дореми» караокесі);
• Әуезов ауданы бойынша — 3 («Мята» лаундж бары, «Алмалы» караоке-бары, «Playstation Go» ойын клубы).
Сонымен қатар, ҚР ӘҚБтК-нің 462-бабы 3-бөлігінің бұрын жіберілген жүйелі түрде орын алған бұзушылықтары бойынша сот шешімдері бар:
– жеке кәсіпкер Ренат Маратұлы Бижановқа 277 800 тгкөлемінде айыппұл салынды және Түрксіб ауданы, Наманганская көшесі, 35 мекенжайы бойынша орналасқан «Atlantis» бильярд клубының қызметі 1 ай мерзімге тоқтатылды;
– «Suddenly» ЖШС-не («Hookan Dreems» кафе бары) 277 800 тг көлемінде айыппұл салынды, Медеу ауданы, Қайырбеков көшесі, 35а мекен-жайы бойынша орналасқан «Hookan Dreems» бар кафесінің қоғамдық тамақтану қызметтерін ұсыну бойынша қызметі 1 айға тоқтатылды.
Бұл фактілер мониторингтік топтардың қоғамдық тамақтану кәсіпорындары мен қоғамдық көліктерде карантиндік режимнің жаппай бұзылуын (қашықтықты сақтау және маскаларды пайдалану) тіркегенін растайды.
Алматы әкімдігі жұқтыру қаупін азайту мақсатында қала тұрғындары мен қонақтарын адамдар көп жиналатын жерлерге бармауға шақырады. COVID-19 алдын-алу шараларын күшейтіп, өзіңізге және басқаларға қауіп төндірмеуді ескертеді.
Кәсіпкерлік субъектілері санитарлық-эпидемиялық нормалардың қатаң сақталуын қамтамасыз етуі, белгіленген жұмыс режимін сақтауы қажет. Қызметкерлер мен келушілерге термометрия жүргізуді, қызметкерлерді медициналық бетперделер мен қолғаптармен қамтамасыз етуді бақылау; дезинфекция; 4 шаршы метрге 1 адам есебінен келушілердің шектеулі санын қамтамасыз ету; сауда залдарына әлеуметтік белгілер болған кезде кіруге рұқсат беру; келушілерден бетперделерінің болуын талап ету; келушілердің жиналуын болдырмау және әлеуметтік алшақтықтың сақталуын қамтамасыз ету; іргелес аумақты дезинфекциялауды тәулігіне кемінде 1 рет жүргізу.
Естеріңізге сала кетейік, анықталған бұзушылық фактілері бойынша мекеме иелері ӘҚБтК-нің 425-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілетін болады. Заң бұзушылықтар қайта анықталған жағдайда заңды тұлғалар ӘҚБтК-нің 462-бабының 3-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады. ӘҚБтК-нің 462-бабының 3-бөлігі бойынша әкімшілік жауаптылыққа тарту туралы мәселені мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сот қарайды. Осы баптың санкциясы қызметті тоқтатуды көздейді.