22 желтоқсан күні Алматы облысының құтқарушыларына Алматы облысының Алакөл ауданында «Үшарал-Достық» автожолының 110 шақырымында Ырғайты өзенінің маңында «ГАЗ-66» автокөлігі бұзылғаны, оның жолаушылары үшін эвакуация қажет деген хабарлама түсті. Бұл туралы Kaznovosti.kz Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Облыстық ТЖД Алакөл өңірінің Жедел-құтқару жасағы құтқарушыларының күші (3 қызметкер және 1 бірлік вахтовка техникасы) оқиға орнына барып, аталған автокөліктен 6 адамды эвакуациялады. Эвакуацияланғандардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ және медициналық көмекке мұқтаж емес.
Алматы облысының ТЖД алыс жолға шығар алдында:
– автокөліктің техникалық жағдайын тексеруге;
– ауа райы болжамымен танысуға;
– төтенше жағдайларда сізге көмектесетін барлық қажетті заттарды өзіңізбен бірге алуға кеңес береді.