
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті төрағасының орынбасары болып Кенжалинов Арыстан Толеухадысұлы тағайындалды, деп хабарлайды Kaznovosti.kz.
2010 жылы Солтүстік Вирджиния университетін «Іскерлік әкімшілік бакалавры» мамандығы бойынша, сондай-ақ 2017 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын жеке секторда бастаған. Кейін Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінде, сондай-ақ «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-да жұмыс істеді. 2016-2019 жылдары «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ өңірлік филиалдарында директордың орынбасары, директоры болды. Индустриялық даму комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалғанға дейін Павлодар қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.