Маңғыстауда I-II деңгейлі инфекциялық стационарда 115 адам ем қабылдауда

Маңғыстауда 20 желтоқсандағы жағдайға сәйкес I-II деңгейлі инфекциялық стационарда 115 адам ем қабылдап жатыр, деп хабарлайды Kaznovosti.kz.

Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 115 науқастың ішінде 46 адам коронавирусқа тапсырған, сынама оң нәтиже көрсеткен.

Қазіргі уақытта орта дәрежелі жағдайда 98, жағдайы ауыр халде 12 науқас, өте ауыр хәлде 5 науқас бар.

Бұл бөлімге түскендердің нашарлауына жедел тыныс жетіспеушілігі және ілеспе аурулардың болуы себеп.
Бүгінде аймақтың оқшаулау орындарындағы төсек-орын жүктемесі 26 пайызды құрайды.

Облыс көлемінде 444 инфекциялық І-ІІ сатылы төсек орын бар. Сондай-ақ, реанимациялық төсек саны 54.
Анықтамасыз шетелден келген Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетел азаматтарына арналған
карантиндік стационарларда барлығы 270 төсек орын бар.