53,3 млн теңгенің тауарын шекарадан заңсыз өткізбек болған басшыға қатысты сот үкімі шықты

Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері «Экспресс-жүк «ЖШҚ» директорына қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Kaznovosti.kz.

«ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері «Экспресс-жүк «ЖШҚ» директорына қатысты ҚР ҚК 234-бабының 2-б. 4-т. (аса ірі мөлшердегі экономикалық контрабанда) бойынша, «Алтын көл» кеден бекеті арқылы Қытай Халық Республикасынан Қазақстанға теміржол контейнерлерімен әкелінген, кедендік құны 53,3 млн теңгені құрайтын декларацияланбаған тұтыну тауарларын кедендік шекара арқылы заңсыз өткізу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады»-, делінген Қаржы мониторингі комитеті таратқан хабарламада.

Қылмыстық әрекеттердің нәтижесінде, сот үкімі бойынша айыпталушы ҚР ҚК 234-бабының 2-б. көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, мүлкін мемлекет кірісіне тәркілей отырып, 3,7 млн.теңге көлемінде айыппұл түріндегі жаза тағайындалды.