
Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев үш жыл ішінде Jasyl Almaty абаттандыру бағдарламасы бойынша 1 млн ағаш отырғызылатынын еске салды, деп хабарлайды Kaznovosti.kz.
«Өткен жылы 135 мың ағаш егілсе, биыл 282 мың. Бұл бес жылдық норма. Көгалдандыру алаңы өткен жылғы 7,7 ш. м бір адамға 8,5 ш. м жетті. Келесі жылы тағы 380 мың ағаш отырғызамыз. Бес жаңа саябақ аймағы құрылады. 2022 жылы бір адамға жасыл желектердің ауданы 11 ш. м құрайды. Норма бойынша 10 ш. м. болуы керек», — деп жазды Б. Сағынтаев.
Көгалдандыру жұмыстарына қарапайым қала тұрғындары, экобелсенділер, бизнес, құрылыс пен сауда компанияларының өкілдері қатысты. Олар көшеттер алып, команда болып жасыл белдеу құруға атсалысуда. Соның бірі Алатау ауданындағы — «Сосновый бор».
«Жақында 65 га аумаққа 480 қылқан жапырақты ағаш отырғыздық. Бүгінде мұнда үш мыңға жуық ағаш бар. Бұл жер қаланың тартымды аймағына әрі оттегі фабрикасына айналады», — деді мегаполис әкімі.