«Транко» КМ кәсіпорнында қызметкерлердің жалақы деңгейін өзгерту мәселелері бойынша еңбек дауы туындады, деп хабарлайды Kaznovosti.kz Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жағдайды түсіндіру үшін Жезқазған әкімі ұжыммен кездесіп, қызметкерлерге 13-ші еңбекақы төленетінін және жалақыны қайта есептеу жүргізілетінін түсіндірді.
Кездесу қазіргі уақытта кәсіпорынның акт залында байыпты және сындарлы жағдайда өтуде.
Қосымша түсіндірулер жүргізу үшін «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС Бас директорымен кездесулер өткізіледі.