
Иесіне қамқор жануардың әрекеті бейнелген видео желіде тарады. Кадрдан иттің адамға деген адалдығы мен қамқорлығын аңғару қиын емес. Әлеуметтік желіге тараған видео қызу талқыланып жатыр.
Ал арбаға таңылған қарияны телеарна тілшілері анықтаған.
Белгілі болғандай видеодағы атай 81 жастағы зейнеткер болып шықты. Оның бір аяғы жоқ, 1-ші топтағы мүгедек. Қарт кісі жалғыз тұрады.
Зейнеткердің қамқоршысына айналған иттің аты – Магнус. Анатолий Дербенев оны Шығыс Еуропа овчаркасы тұқымынан болуы мүмкін дейді. Сондықтан иті тек күзетші ғана емес, өзінің сенімді серігіне, сырласына айналған. Екеуі әрдайым бірге.
Анатолий Дербенев итімен. Кадр КТК арнасы
Қария ақылды итті көруге келетіндердің қарасы көбейгенін айтады. Дегенмен қызық іздегендерге сақ болуға кеңес береді. Себебі, төбет көшеде жуас болғанымен, үйде қатыгез көрінеді.
«Мен әдейілеп ештеңе үйреткен жоқпын. Әйтеуір өзінен-өзі арбаға жотасын тосып, демейтінді шығарды. Менің арбамның тежегіші істемейді. Кейде тоқтата алмай қаламын. Зуылдатқан кезде өзім қорқып кетемін. Жалпы, менің бес итім болды, бәрі ақылды. Мынау – алтыншысы», – дейді Анатолий Дербенев.
Дереккөз КТК арнасы
Еске сала кетейік, иесіне қамқор ит жайлы бұған дейін де жазған едік.
-
ҚМА: 300 млн теңге несие қаражаты мақсатсыз жұмсалған -
Астанада 13 елдің туризм өкілдері бас қосты: олар елорданың туристік әлеуетімен танысты -
Әлеуметтік төлемдерді қауіпсіз алу: азаматтар нені білуі керек? -
Қызылорда облысындағы 181 көл жүйесін сақтауға 880 млн текше метрден астам су жіберілді -
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады -
Қазақстанда ирригация каналдарын механикалық тәсілмен тазалау қарқыны артып келеді